Әңгіме барысында ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарына қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы IRENA агенттігінің көптеген елдердің жаңартылатын энергетика саласындағы күшін жұмылдырушы ретіндегі рөлін атап өтті. Тараптар серіктестік қарым-қатынастардың табысты дами беретініне сенім білдірді. Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік 2009 жылы қаңтарда құрылды. Қазіргі уақытта оның жарғысына барлық континенттің 140-тан астам елі қол қойған.