Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның негізгі, соның ішінде орнықты даму, қарусыздану және ядролық қару таратпау режімін нығайту, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды. Тараптар Қазақстан ұсынған халықаралық бастамаларды, әсіресе маусым айында бесінші отырысына Пан Ги Мун қатысқан Әлемдік және дәстрлі діндер лидерлері сьезін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы күн тәртібіндегі негізгі халықаралық мәселелерді де қозғады.