Кездесу барысында көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның Қазақстанда белсенді әрі ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқанына, соның нәтижесінде сындарлы ынтымақтастық бойынша қомақты тәжірибе жинақталғанына назар аударды. П.Пуянне өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қашаған кенішін игеру және еліміздегі өзге де инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.