Кездесу барысында жеке меншік секторды дамыту мен инвестиция салу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар Қазақстанның орнықты дамуды қамтамасыз ету және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылдап жатқан шараларының тиімділігіне де айрықша назар аударды. *** Дүниежүзілік банк құрылымына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы дамушы елдер нарығына арналған инвестицияларды басқару мақсатында құрылған.