Кездесуде металлургия саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті әлемдік шикізат нарығындағы қазіргі өзгерістер салаға әсер ететініне назар аудара отырып, осыған байланысты компаниядан өндіріс қарқынын сақтау үшін зор күш-жігер талап етілетінін атап өтті. Л.Миттал шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.