Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегіне қатысты ойларымен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Астанада құру жоспарланып отырған халықаралық қаржы орталығы туралы айтты және серіктестік қарым-қатынастарды бұдан әрі нығайтуға мүдделілік танытты. Д.Ротшильд өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі қаржылық хаб мәртебесін алу үшін жақсы перспективалары бар екенін атап өтті.