Кездесу барысында тараптар көлік-логистика, соның ішінде теміржол саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Сондай-ақ DP World компаниясының «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен Ақтау портын дамыту ісіне қатысуы жөніндегі мәселелер қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев компанияның өз қызметі саласындағы көшбасшының бірі әрі біздің елдің стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. DP World басшысы Қазақстанмен өзара іс-қимылдың тиімділігін айтып, оны тереңдете түсуге мүдделілік білдірді.