Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды қамтитын негізгі бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде екі ел ұстанымының ортақтығы Қазақстан-Польша диалогын жүйелі түрде өрбіту үшін қолайлы негіз болатынын атап өтті. Б.Шидло Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Польшаның Орталық Азиядағы сыртқы саяси бағдарының басымдығы бар бағыты екенін айтты.