Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэнің Астанаға таяудағы сапары Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтергенін, қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру тұрғысынан екі ел үкіметтерінің бүгінде белсене жұмыс істеп жатқаны соның айғағы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бүгінгі Саммиттің тақырыбы ядролық қару сынағынан зардап шеккен екі ел халқына да жақын екеніне, сол себепті Қазақстан мен Жапонияның жаһандық антиядролық қозғалыстағы ұстанымдарының да ұқсас екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын Жапония Премьер-Министрі алдағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Парламент Мәжілісі сайлауының табысты өтуімен құттықтады. С.Абэ Қазақстан-Жапония байланыстарының белсенділігі артып келе жатқанына да ризашылық білдірді.