Нұрсұлтан Назарбаев пен Дилма Руссефф екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мәселелерін және оны бұдан әрі арттырудың перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты өзара ықпалдастықты арттыра түсу мақсатында Д.Руссефті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.