National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

«Бомбардьер» компаниясының президенті Пьер Бодуэнмен кездесу

2014 жылғы 24 қаңтар

 

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысының басталуының мәселелері қаралды. «Бомбардьер» өкілдері қазірдің өзінде әлеуетті серіктестерімен бірқатар келіссөздер жүргізгені атап өтілді.

Қазақстан Президенті өсу үстіндегі ел экономикасының сұранысы мен көлік инфрақұрылымының даму қарқынын ескергенде, канадалық кәсіпорынның республикамызда қызмет етуі үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

П.Бодуэн «Бомбардьердің» әрдайым жаңа елдегі жұмысын бастаған кезде ұзақмерзімді мақсат қоятынын мәлім етті. Ол адами капиталды дамыту және өз кәсіпорындарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік компаниялар құру жоспарлары туралы айтып берді. 

Компания басшысы авиация және теміржолға арналған машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзір екендіктерін де жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің