Мемлекет басшылары келіссөздер барысында екіжақты іс-қимылдың қазіргі ахуалын, сондай-ақ бірқатар басымдығы бар бағыттар бойынша Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларын талқылады. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Р.Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.