Кездесу барысында Н.Назарбаев пен Д.Зума саясат, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Тараптар бірқатар перспективалы бағыттар бойынша, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтастықты арттырудың қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен ОАР президенттері халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді әңгімеге арқау етті. Соңында Д.Зума Нұрсұлтан Назарбаевты Оңтүстік Африка Республикасына сапармен келуге шақырды.