Қазақстан мен Беларусь президенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады. Екі елдің көшбасшылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасындағы бірлесіп шешуді қажет ететін проблемаларға назар аударды. Сонымен қатар, мемлекет басшылары Украинадағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған «норманд форматындағы» келіссөздер Украина дағдарысын шешу жолдарын табу үшін мәмілеге келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.