National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2015 жылғы 14 ақпан

 

Екі елдің көшбасшылары Украина дағдарысын реттеуге арналған Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады.

Қазақстан Президенті нақ осы  «норманд төрттігінің» жоғары деңгейдегі кездесуі, әсіресе Владимир Путиннің келіссөздер кезіндегі белсенді ұстанымы  Минскіде келісімге жетуге септігін тигізгенін атап өтті.  

Мемлекеттер басшылары қақтығысушы екі тараптың да оқ атуды белгіленген сағатта (2015 жылғы 15 ақпан, 00.00 сағат) тоқтату туралы уағдаластықты орындауы ерекше маңызды екеніне тоқталды.  

Қазақстан мен Ресей Президенттері бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігер Украинадағы қақтығыс мәселесін шешуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін жеткізді.

В.Путин сондай-ақ экономика саласындағы бірлескен жұмысты талқылау үшін Беларусь, Қазақстан және Ресей басшыларының Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға дайын екенін растады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің