Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың даму қарқынын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар Беларусьтің 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақ ұйымына төрағалық етуіне байланысты еуразиялық интеграция аясындағы өзара іс-қимылдарды одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Президенттер бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға жауапты мемлекеттік қызметте табыс, достас беларусь халқына бақ-береке тіледі.