Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері басшылары кеңесінің Минскіде өтетін алдағы отырыстарында қаралады деп жоспарланған мәселелерге ерекше назар аударды. Бұған қоса, екі ел көшбасшылары осы айдың басындағы А.Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысымен қатар, екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.