Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Эстония арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ екіжақты уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. Сонымен қатар, А.Ансип өзінің биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.