National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

2016 жылғы 18 желтоқсан

Ресей мен Түркия елдерінің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымызға бақ-береке тілеп, одан ары өсіп-өркендей беруімізге ниеттестік білдірді.

В.Путинмен әңгімелесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына және ҰҚШҰ саммитін өткізуге дайындық мәселелері талқыланды.

Түркия Президентімен сөйлесу кезінде Р.Т.Ердоған Астанаға биылғы 12 желтоқсанға жоспарланған іс-сапарының кейінге қалдырылғанына өкініш білдірді. Түркия көшбасшысы алдағы уақытта біздің елге келуге дайын екенін айтты.

Ресей мен Түркия Президенттері Елбасымен күн тәртібіндегі өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық деңгейдегі ұмтылыстарды біздің елдің әуелден қолдап келе жатқанын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің