Әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық бағыттағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға және ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар мен инновация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лео Варадкар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар алаңындағы Қазақстан мен Ирландияның өзара ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін нақтылады. Тараптар коронавирус індетінің таралу мәселесіне ерекше тоқталды. Қазақстан Президенті мен Ирландияның Премьер-Министрі пандемияның кері салдарын жеңілдету жөніндегі екі елдің қабылдаған кешенді шараларын, оның ішінде, тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңде іскерлік белсенділікті ынталандыру жұмыстарын жоғары бағалады. Телефон арқылы сөйлесуге Ирландия тарапы бастамашы болды.