Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады. Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.