Әңгіме барысында Қазақстанның Халықаралық олимпиада комитетімен ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Т.Бах қазақстандық олимпиадашылардың соңғы жылдардағы табыстарының көрсеткіші болып отырған еліміздегі спортты дамыту шараларына жоғары баға берді. Алматының 2011 жылғы Азия ойындарын және өзге де халықаралық спорттық шараларды ұйымдастырудағы оң тәжірибесі атап өтілді. Мемлекет басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің 7-9 желтоқсанда Монакода өткен 127-сессиясының табысты қорытындыларына ризашылығын білдірді.