Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде пікір алмасты. Еуропалық тараптың биылғы 26 тамызда Минскіде Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина президенттерінің және ЕО өкілдерінің кездесуін өткізуге келісіп отырғаны атап өтілді. Әңгімелесу Беларусь тарапының бастамасымен жүзеге асты.