Мемлекеттер басшылары әңгімелесу кезінде екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, соның ішінде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.