Алдағы президенттік сайлауға тоқталған Гүрбангулы Бердымұхамедов бұл оқиға Қазақстанның бұдан әрі тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға 2014 жылғы желтоқсандағы сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Мемлекет басшылары сапар қорытындысын жоғары бағалады және сауда-экономика әлеуеті мен «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» теміржол магистралін тиімді пайдалану қажеттігін тағы бір рет атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Гүрбангулы Бердымұхамедов Түрікменстан Президентінің Қазақстанға алдағы ресми сапарына дайындық мәселелері жөнінде де сөз қозғады.