Әңгімелесу барысында Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық және толағай табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. Тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.