National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының сайланған президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

2016 жылғы 05 желтоқсан

Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиёевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында оған табыс және мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Елдер көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің