National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2014 жылғы 13 тамыз

 

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары Батыс елдерінің Ресейге қатысты санкциялары мен оған РФ-ның қарымта шараларын, сондай-ақ олардың ықтимал салдарларын  талқылады.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал жөнінде пікір алмасылды. Кеден одағына мүше мемлекеттер мен Украинаның кездесуін Беларусь Президенті А.Лукашенконың ұсынысына сәйкес биылғы тамыздың үшінші онкүндігінде өткізу мүмкіндігі құпталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысын В.Путин өзінің Әзербайжан және Армения президенттерімен кездесуінің қорытындылары туралы хабардар етті. Тараптардың қазіргі қиындықтарды талқылап, Таулы-Қарабақ мәселесі жөніндегі ұстанымдарын жақындастырғаны атап өтілді.

Соңында Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығының бірқатар мәселелерін талқылады. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің