Қазақстан Президенті әңгіме барысында Г.Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаңа жетістіктер тіледі. Мемлекеттер басшылары екі халықтың тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті. Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды. Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Түрікменстан Президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.