Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, бірқатар халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Түркия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ биылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниетті екенін білдірді.