Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар Түркияның бастамасымен биылғы 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өткізу жоспарланып отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс саммиті жөнінде пікір алмасты. Бұдан бөлек, Президенттер алдағы кездесулер кестесін, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды. Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.