Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласындағы «Джинна» халықаралық әуежайы маңында жолаушылар ұшағының апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты Пәкістан Президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айту жеделхатын жолдады. – Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – делінген жеделхатта.