Мемлекет басшысы бүгін Иранның батысындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.