Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Табиғи апат салдарынан жақындарын жоғалтқан және зардап шеккен отбасылардың, сондай-ақ бүкіл Жапония халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.