National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге Гельмут Кольдің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2017 жылғы 17 маусым

Мемлекет басшысы Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Кольдің қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Өз халқының ардақты перзенті әрі патриоты, елін біріктіруде және еуропалық интеграцияны дамытуда негізгі рөл атқарған Г.Коль әлем тарихында аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде өшпес із қалдырды.

Қазақстан халқы Г.Кольді екіжақты достық қарым-қатынасты орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан парасатты тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады.

Қайғыға ортақтасып, марқұмның туған-туыстарына және барша Германия халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің