National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Тәжікстан Президенті көңіл айту жеделхатын жолдады

2019 жылғы 26 маусым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның көңіл айту жеделхаты келіп түсті.

«Едәуір шығынға және кісі өліміне әкелген Арыс қаласында болған жарылыс туралы ақпаратты күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және тәжік халқының атынан Сізге және қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін»,– делінген жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Қазақстан Үкіметінің шұғыл қабылдаған шараларына тоқталып, қазақстандық жасақтардың эвакуация және қайғылы оқиғаның салдарын жою кезіндегі жанкешті жұмыстарын ерекше атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің