National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Португалия Республикасының қайта сайланған Президенті Марселу Ребелу де Соузаны құттықтады

2021 жылғы 27 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Марселу Ребелу де Соузаны Португалия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

– Сайлаудағы жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Португалияның саяси-экономикалық тұрақтылығы мен оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған сарабдал саясатыңызға деген сенімінің айқын дәлелі екені сөзсіз. Осы тұста Сіздің қажырлы еңбегіңіз еліңізді бүгінгіден де биік белестер мен тың табыстарға жетелей беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Португалия арасындағы дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогты, әлеуеті жоғары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мақсатында Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыратынымызға сенімім мол, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Португалия Республикасының Еуропалық Одақ Кеңесіндегі жақында басталған төрағалығына толағай табыс тілеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім негізіндегі жан-жақты байланыстардың өрістей түсетініне зор үміт артатынын атап өтті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің