National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

2018 жылғы 29 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан, халықаралық ұйымдардың, шет елдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдарының жетекшілерінен, дипломатиялық миссиялар басшыларынан, діни, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, сондай-ақ Қазақстан азаматтарынан көптеген хаттар келіп түсті.

Мемлекет басшының атына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Петр Порошенко, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани, Үндістан Республикасының Президенті Рам Натх Ковинд, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғани, Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла, Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда, Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсе, Венгрия Президенті Янош Адер, Чех Республикасының Президенті Милош Земан, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич, Словакия Республикасының Президенті Андрей Киска, Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте, Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейонис, Эстония Республикасының Президенті Керсти Кальюлайд, Финляндия Республикасының Президенті Саули Нийнистё, Грекия Республикасының Президенті Прокопис Павлопулос, Болгария Республикасының Президенті Румен Радев, Румыния Президенті Клаус Йоханнис, Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин, Сингапур Республикасының Президенті Халима Якоб, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Фу Чонг, Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга, Перу Республикасының Президенті Мартин Корнехо, Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбдел Әзиз Бутефлиқа, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Матамела Рамафоза, Австрия Республикасының Федералдық Президенті Александр Ван дер Беллен, Канаданың генерал-губернаторы Жюли Пайетт, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Диас-Канель, Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета, Жапония Императоры Акихито, Бельгия Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, Нидерланд Королі Виллем-Александр, Иордания Королі ІІ Абдалла, Швеция Королі Карл XVI Густав, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдуләзиз Әл Сауд, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифа, Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн, Оман Сұлтаны Кабус бен Саид, Бруней сұлтаны Хассанал Болкиах, Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Сауд Арабиясы Корольдігі Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, қорғаныс министрі, тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Абдуләзиз Әл Сауд, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян, Таиланд Корольдігінің Премьер-Министрі генерал Прают Чан-Оча, Ямайка Премьер-Министрі Эндрю Холнесс, Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары Сұлтан Назрин Муиззуддин Шах құттықтау хаттарын жолдады.

Шет мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің құттықтау жеделхаттарында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырып, дәйекті дамыту, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру ісіндегі рөлін ерекше атап өткен.

Халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері өз хаттарында Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ мемлекетаралық  ынтымақтастық орнату және оны нығайту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру жолындағы еңбегіне жоғары баға берген. Солардың қатарында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТМД атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Наталья Герман, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Татьяна Анодина, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы Юрий Осипов, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясындағы уәкілетті өкілі Асхат Нұсқабай, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Парламентаралық ассамблеясы жауапты хатшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Парламентаралық ассамблеясындағы уәкілетті өкілі Виктор Рогалев және басқа да тұлғалар бар.

БҰҰ Бас хатшысының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Наталья Герман Мемлекет басшысының атына жолдаған хатында: «Сіз «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабыңызда тек азат ойлы, жаңашыл әрі жасампаз азаматтар ғана Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыра алатынын және алға ұмтылатын кез келгенін айтқан болатынсыз. Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді. 2019 жыл Қазақстан үшін жаңа белестерді бағындыратын жыл болатынына сенемін», – деп атап өткен.

Сонымен қатар, көптеген хаттар шетелдік және отандық өндіріс ұжымдары мен қаржы құрылымдарынан келіп түсті. Атап айтқанда, мұндай хаттарды «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұжымы, «Теңізшевройл» ЖШС-нің басшылары Тед Этчисон, Имер Боннер және Мұрат Мұқашев, «Эни СпА» компаниясының атқарушы директоры Клаудио Дескальци, «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц, «Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович, «Қазақстан халық банкі» АҚ басшылары Үміт Шаяхметова мен Александр Павлов, «Мабетекс групп» компаниясының басшысы Беджет Паколли, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Әсем Мамытова, «ALTYN TAU COMPANY» ЖШС-нің директоры Дана Әбдірашқызы, «Құбыр-металлургия компаниясы» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Пумпянский, «Глобал» компаниялар тобының жетекшісі Надежда Шабаева және басқа да ұйым басшылары жолдаған.

«Kazzinc Holdings» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Никола Попович Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген даму нәтижелеріне тоқталған. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген жетістікке жетті, соның ішінде мемлекеттік шекара бекітілді, Конституция мен ұлттық валюта қабылданды. Әр жылдары еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етуі – Қазақстанның әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуының айқын дәлелі. Мұндай жетістік жас мемлекеттердің тәжірибесінде болмаған. Бүгінде Қазақстанның алдында ұзақ мерзімге арналған даму бағытымызды айқындайтын орасан зор міндеттер тұр. «Қазцинктіктер» жаңа белеске деген ұмтылысты әрдайым қолдайды және алға қойған міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға әзір», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, өз құттықтауларын Рим Папасы Франциск, Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл, Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Барлық армяндардың Жоғарғы патриархы және Католикосы ІІ Гарегин, Қазақстан православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний жолдаған.

Көптеген мерекелік құттықтау хаттар Ресей Федерациясынан, таяу және алыс шетелдерден, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерінен келіп түсті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысын Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов, Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-бек Евкуров, Астрахан облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы Сергей Морозов, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, «Русснефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гуцериев, «Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Герман Греф, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий, Ресей халықтар достығы университетінің ректоры Владимир Филиппов, Бірлескен ядролық зерттеулер институтының директоры, РҒА академигі Виктор Матвеев, Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Лэм, Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иван Кулеба, «Аға Хан» даму ұйымының төрағасы IV Кәрім Аға Хан, «Қарашай халқының конгресі» өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы Къады қажы Халкечев, Германия азаматы С.Бухмиллер және басқа да азаматтар құттықтаған.

«Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Герман Греф өз хатында: «Тәуелсіздік күні мемлекеттеріңіздің азаттығы мен қуаттылығының символы саналатыны сөзсіз. Тарихи тұрғыдан аз уақыт ішінде Қазақстан халқы демократиялық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра білді», – деп атап өткен.

Өз құттықтауларын еліміздің ғылым, білім және мәдениет саласының қайраткерлері жолдаған. Солардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрынов, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Ш.Катсу, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры М.Ибатов, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.Жәутіков, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мұсақожаева, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры А.Сидорович, Қазақ-Америка еркін университетінің президенті Е.Мәмбетқазиев, ҚР ҰҒА академиктері С.Қирабаев пен Ә.Бейсенова, жазушылар С.Досанов пен С.Елубаев, Қазақстанның халық әртісі Е.Хасанғалиев, опера әншісі М.Мудряк, тарихшы Ә.Бегедаев, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы және басқа да азаматтар бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов өз хатында Мемлекет басшысына отандық ғылым мен білім саласына қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтып, ғылыми-зерттеу жұмысының жекелеген бағыттарын дамытудың нәтижелеріне тоқталады. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мыңдаған ұжымының атынан ғылым мен білімді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп, келесі жылы өзінің 85 жылдығын атап өткелі отырған университетімізге баса мән беріп келе жатқаныңыз үшін зор алғыс білдіреміз. Сізге мықты денсаулық, амандық және халқымыз бен тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі жолындағы қызметіңізге табыс тілеймін», – делінген жеделхатта.

Сонымен бірге құттықтаулар Халық қаһарманы, армия генералы М.Алтынбаевтан, Қазақстанның Еңбек Ері Ұ.Қарабалиннен, қоғам қайраткерлері О.Әбдікәрімовтен, Т.Мансұровтан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Ерғалиевтен, Социалистік Еңбек Ері С.Жұмабековадан, Еңбек ардагері К.Оразбековтен, Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамының президенті Е.Арғымбаевтан, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Д.Қыдырәліден, журналист Л.Монастырскаядан, Қазақ ПЕН-клубының жетекшісі Б.Ғабдуллиннен, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтен, «Сақтар» рухани халық медицинасы орталығы ұжымынан, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі ұжымынан, «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігі ұжымынан, «Асыл бала» қауымдастығы мүшелерінен, Казак бірлестіктері одағының төрағасы Ю.Захаровтан, «Асыл мұра» Қазақстан мұрағатшыларының республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінен, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері – А.Башмаковтан, Л.Гиршадан, Г.Пуссельден, З.Чумаковадан, С.Руссудан, О.Николашинадан, Г.Исмаиловадан, Р.Битковадан, Р.Челидзеден және басқа да азаматтардан келіп түсті.

Теология және дін саласының маманы Расим Челидзе өзінің құттықтау хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық мәселелерді реттеудегі рөлі мен еңбегін айрықша атап өткен. «Сіз бірқатар халықаралық проблемалар бойынша медиатор бола білдіңіз. Мәселен, Сирия мәселесін шешу үшін қақтығысушы тараптарға диалог алаңын ұсындыңыз. Бүгінде бұл үдеріске бүкіл әлем назар аударып отыр. Астана мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастар орнатуға негіз қалады», – делінген хатта.

Елбасының атына өзінің ізгі тілектері мен құттықтауларын Астана қаласынан А.Бейсембинова, М.Қанатова, М.Рахымбекова, М.Сағындыққызы, Н.Телқожа, Айтқожиндер отбасы, Тәжікеновтер отбасы, Алматы қаласынан М.Гипертаева, Е.Тегісбаев, Г.Жетаева, Қ.Иманбеков, Алматы облысынан А.Мұрат, М.Тұрысбаев, К.Исаева, Шымкент қаласынан Ұ.Бақтыгерей, Б.Ғарифоллин, Р.Оспанова, Ж.Пірәлиев, Ақмола облысынан Қ.Құсайынов, Ақтөбе облысынан Ә.Бектырлиев, В.Бөлекбаева, А.Қалағанов, А.Матаев, Шығыс Қазақстан облысынан М.Иманберді, Е.Оразалин, Жамбыл облысынан Т.Мырзахметов, Батыс Қазақстан облысынан М.Альбекова, Т.Құбашев, К.Хайруллин, Қостанай облысынан А.Крюков, Қызылорда облысынан А.Дінмұхаммед, С.Нұрсайлау, Павлодар облысынан Г.Михнова, М.Өтеубаев, Солтүстік Қазақстан облысынан Д.Исмақов, Түркістан облысынан М.Балаубеков, еліміздің тұрғындары К.Ли және Е.Ушмаева, Х.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінің студенті Я.Рашид, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты А.Өтемісов, «Юсимас» академиясының студенттері, Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, «Nomad» балалар ансамблінің мүшелері және басқа да азаматтар жолдаған.

Көптеген құттықтау хаттар министрліктер мен ведомстволар басшыларынан, облыстар әкімдерінен, Парламент депутаттарынан, елшілерден, еліміздің ұлттық компаниялары мен өзге де мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдарының жетекшілерінен келіп түсті.

Мемлекет басшысы келіп түскен барлық хаттармен танысып шығып, хат иелеріне жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін ризашылық білдіреді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің