Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Эгилс Левитске құттықтау жеделхатын жолдады. «Қазақстан мен Латвияның ортақ тарихы мен құндылықтарына, әріптестік пен достыққа негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға бірлесіп күш жұмылдыратынымызға кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.