National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры тағына отыруына байланысты Нарухитоға құттықтау жеделхатын жолдады

2019 жылғы 02 мамыр

Жеделхатта Мемлекет басшысы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Нарухитоны Жапония Императоры тағына отыруына орай құттықтап, тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің Жапониямен ынтымақтастығын дамытуға ерекше мән бергенін атап өтті.

«Қысқа тарихи мерзім ішінде елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Қазақстан Республикасының Президенті ретінде еліміздің сыртқы саясаттағы сабақтастықты сақтап, халықтарымыздың игілігі үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш саламын.

Бүгінде Жапония біздің еліміз үшін Азиядағы сенімді әрі стратегиялық серіктес саналады. Сіздің қолдауыңызбен «Рэйва» дәуірінде жан-жақты ықпалдастық аясын тереңдету үрдісі одан әрі жалғасын табатынына ерекше үміт артамын», – делінген жеделхатта.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императорына мол табыс, ал достас жапон халқына береке және тұрақтылық тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің