National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевке Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2018 жылғы 12 сәуір

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және мемлекетіңіздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған Сіздің саясатыңызға Әзербайжан халқының көрсеткен жоғары қолдауының дәлелі болып саналады.

Бауырлас Әзербайжан елінің өркендеуі жолындағы жауапты қызметіңізде жаңа табыстарға қол жеткізуіңізге және алдағы барлық жоспарыңыздың сәтті іске асырылуына тілектеспін.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы берік достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқаныңызды да атап өткім келеді.

Екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі қарқынды дами беретініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті бауырлас Әзербайжанның бүкіл халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің