Т.Бах олимпиадалық қозғалыстың белді мүшесі болып саналатын Қазақстанмен серіктестіктің нығайып келе жатқанына сенімді екенін жеткізген. «Сіз спорттың жұртты біріктірудегі маңызын жақсы түсінесіз. Мұның жақсы мысалы – Алматы қаласының 2020 жылғы Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге мықты тұжырымдамалар негіз етілген өтінім беруі. Бұл өтінім жақсы спорт инфрақұрылымына және Сіздің елдің қысқы спорт түрлеріне қатысты тәжірибесіне сүйенген», – делінген хатта. Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Мемлекет басшысының Қазақстанды орнықты дамытудағы қызметіне табыс тіледі.