Мемлекет басшысының атына шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларынан, саяси қайраткерлерден, шетелдік және отандық компаниялардың жетекшілерінен, бизнес, ғылым, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдерінен, сондай-ақ қарапайым азаматтардан оның туған күніне, Астана күніне және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты көптеген құттықтау хат келіп түсті.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз жолдауында Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытудағы оның еңбегін атап өтті. Сондай-ақ ол Елбасының еуразиялық кеңістіктегі тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіне тоқталды.
«ЕАЭО көбіне-көп Сіздің жеке күш-жігеріңіз арқылы көпжақты ынтымақтастықтың әлемдік аренадағы елеулі беделге ие тиімді құрылымы ретінде бекіді. Сізбен достық қарым-қатынасымыздың және Ресей-Қазақстан байланыстарының бүкіл ауқымын одан әрі нығайту бағытындағы бірлескен сындарлы жұмыстардың жалғасатынына сенемін», – делінген хатта.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай жылы лебізін білдірді.
«Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты, жеке достықты және өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалаймын. Сізбен жуықта Ташкентте болған кездесу барысында біз маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік және екіжақты өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайту, түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде пікір алмастық», – делінген жолдауда.
Бұдан бөлек Си Цзиньпин екі мемлекет халықтарының игілігі жолында жан-жақты стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеру мақсатымен одан әрі ынтымақтасуға әзір екенін жеткізді.
Сондай-ақ Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Петр Порошенко, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян, Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвили, Израиль Мемлекетінің Президенті Реувен Ривлин құттықтау жеделхаттарын жолдады. Мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Оның Қазақстанның қарқынды дамуындағы баға жетпес рөлін атап өтіп, жауапты қызметінде табысты болуына тілектестіктерін білдірді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов өз құттықтауында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы еліміздің халықаралық аренадағы биік беделінің әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуы болып саналатынын атап өткен.
Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның көшбасшысы ретіндегі қызметі мен жүргізіп жатқан реформалары халықаралық және шетелдік ұйымдар мен құрылымдар өкілдерінен оның туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтауларда жоғарғы бағаланған. Олардың қатарында ЕЭК коллегиясының төрағасы Т.Саркисян, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы С.Лебедев, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкова, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Н.Бордюжа, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі, Еуропа, Еуразия істері және жаңа сын-қатерлер жөніндегі төраға Д.Рорабакер, Латвия атынан Еуропа Парламентіндегі депутат, ЕП-ның Орталық Азия жөніндегі делегациясының төрағасы И.Григуле, ҚХР Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй, Болгария Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі В.Петков, Палестина Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті елшісі М.Абу Зейд бар.
Қазақстан Президентінің туған күні және Астана күнімен құттықтаулардың бірқатары Ресей Федерациясынан келіп түсті. Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев, Сыртқы барлау қызметінің директоры М.Фрадков, Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты В.Ресин, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің мүшесі Н.Рыжков, Башқұртстан Республикасының басшысы Рүстем Хамитов, Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-бек Евкуров, Дағыстан Республикасының басшысы Рамазан Абдулатипов, губернаторлар: Кемеров облысының губернаторы А.Төлеев, Курск облысының губернаторы А.Михайлов, Пенза облысының губернаторы И.Белозерцев, Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев, Астрахан облысының губернаторы А.Жилкин, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы А.Петренко, Татарстанның тұңғыш Президенті М.Шаймиев өз хаттарында Мемлекет басшысының Қазақстан халқының игілігі жолындағы жасампаз белсенділігін атап өткен.
Елбасының атына Ресей және шетелдік іскер топтар өкілдерінің жолдаған хаттарында экономикалық жетістіктер ғана айтылып қоймай, Қазақстан халқын өзгерістер жолында біріктірген қоғамдық келісім саясатының тиімділігі де атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күнімен құттықтағандар: Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті С.Катырин, «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті О.Белозеров, «Газпром» КАҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Газпром мұнай» ААҚ бас директоры А.Дюков, «Росатом» мемкорпорациясының бас директоры С.Кириенко, «Сбербанк» КАҚ Басқарма төрағасы Г.Греф, Еуразиялық даму банкінің төрағасы Д.Панкин, «Роснано» БК» ЖШҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Банк ВТБ» КАҚ басқарма төрағасы А.Костин, «Русал» компаниясының бас директоры О.Дерипаска, «Транснефть» АК» ААҚ вице-президенті В.Рушайло, «Руснефть» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Гуцериев, «Мечел» КАҚ директорлар кеңесінің төрағасы И.Зюзин, «БПС-Сбербанк» ААҚ басқарма төрағасы С.Инюшин, «Арети» халықаралық компаниялар тобының президенті И.Макаров, «Интер РАО ЕЭС» энергетика компаниясы мен «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының өкілдері, «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци, Engineering and Construction Consolidated Contractors Company компаниясының президенті С.Кхури.
ТАСС ақпарат агенттігі бас директорының бірінші орынбасары М.Гусманның, «Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясы» халықаралық бірлестігінің бас хатшысы В.Щербаковтың, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры, РҒА академигі А.Торкуновтың, мемлекетаралық әуе комитетінің төрағасы Т.Анодинаның, Ресей көркем өнер академиясының президенті З.Церетелидің, Еуропалық геронтология және гериатрия қауымдастығының президенті В.Хавинсонның Қазақстан Президентіне жолдаған құттықтау хаттарында туған күніне және Астана күніне орай жылы лебіздер айтылған.
Мемлекет басшысын туған күнімен және Астана күнімен құттықтаған көптеген хаттар мен жеделхаттар ел азаматтарынан, сондай-ақ республикамыздың түрлі кәсіпорындары мен мекемелерінің ұжымдарынан да келіп түсті.
Қазақстан Президентінің елдің жүйелі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру ісіндегі еңбегін «Қазмырыш» компаниялар тобының, ERG, «Теңізшевройл» ЖШС еңбек ұжымдары атап айтқан.
Қазақстан Президентінің атына Қазақстан православ шіркеуінің басшысы, Астана мен Қазақстан Митрополиті Александрдан, Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы Б.Қажиевтан, «Алжир» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалдық-мұражай кешені» МКҚК директоры Б.Жүнісбековтен, Қазақстанның халық әртісі Б.Аюхановтан, Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы қаласының Құрметті азаматы С.Жиенбаевтан, WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Г.Головкиннен, «Елбасы-курстастары» қоғамдық қорының, Теміртау қаласының «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен, Алматы облысы Қарасай ауданының Ардагерлер кеңесінен, Алматы қалалық фашизмнің кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары ұйымынан, Оңтүстік Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктері мен ардагерлерінің өкілдерінен, «Жанубий Козогистон» және «Кешкі Талдықорған» газеттерінен құттықтаулар келіп түсті.
Қуатты Қазақстан табыстары Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тікелей байланысты екені атап өтілген көптеген құттықтау хаттар білім беру мен денсаулық сақтау саласының мекемелері мен қызметкерлеріен келіп түсті. Олардың қатарында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т.Есполов, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мұсақожаева, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры М.Өтеубаев, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ә.Бейсенова, әдебиеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі С.Қирабаев, Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті Е.Мәмбетқазин және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ААҚ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің, Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен жетекші медициналық мекемелерінің, Астанадағы «Дәстүрлі және халықтық медицина орталығы» ЖШС-ның ұжымдары бар.
Алматыдан Г.Дәркембаева мен Шефузовтар отбасы, Оралдан А.Вантеев, Талдықорғаннан А.Жұман, Теміртаудан Б.Қалмаханов, Шымкенттен Е.Көпжасарұлы, Тараздан Т.Омаров өз құттықтауларын өлеңмен өрнектеген.
Сондай-ақ Мемлекет басшысын туған күнімен және Астана күнімен құттықтап, ізгі тілектерін Алматыдан С.Люлина, Қарағандыдан А.Барлықбаев, Шымкенттен Д.Ирисова, Қостанайдан Н.Ольченко, Алматы облысынан Т.Чунаева жолдады.
Құттықтаулардың арасында еліміздің Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері тобынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты хаттар да бар.
ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, сондай-ақ оның орынбасары – ҚР Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамблеясы мен ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бәкенов, «Шеврон» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Дж.Уотсон Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі жоғары екенін атай отырып, Мемлекет басшысының республиканы дамыту жолындағы көпқырлы қызметінде жаңа табыстарға жетуіне тілектестіктерін білдірген.
Тарихи оқиғаға байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа велосипед спортынан Олимпиада чемпионы А.Винокуров жылы лебізді құттықтауын жолдады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлаудағы Қазақстанның жеңісі шығармашыл зиялы қауымның, сондай-ақ білім, өнер және мәдениет салаларының өкілдері арасында да кеңінен қолдау тапты. Ұлттық академиялық кітапхананың, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінің, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің, О.Таңсықбаев атындағы Алматы декоративтік-қолданбалы өнер колледжінің, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, «Астана балет» театрының, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының, Мемлекеттік академиялық би театрының, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ұжымдары құттықтауларын жолдады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жеделхаттар бірқатар мемлекеттік қайраткерлерден, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жетекшілерінен, Қазақстанның саяси партиялары өкілдерінен, сондай-ақ еліміздің шетелдердегі дипломатиялық миссияларның басшыларынан келді.
Келіп түскен хаттармен танысқан Мемлекет басшысы құттықтау жолдаған барша авторларға жылы лебіздері мен тілектері үшін зор алғысын білдірді.