Мемлекет басшысы Халиф бен Хамад Әл Танидің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Осы қиын сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізді және жақындарыңызды бекем болуға, сабырлылық сақтауға шақырамын», – делінген көңіл айту жеделхатында. Сонымен қатар, жеделхатта бар ғұмырын Қатар мемлекетінің қалыптасуына және халықаралық аренада исламның мүддесін қорғау жолына арнаған шейх Халиф бен Хамад Әл Танидің тарихи тұлға және беделді саясаткер ретінде әрдайым есте қалатыны атап өтілген.