Құттықтауда Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығы арқасында Қазақстан соңғы жиырма жылда әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан зор табыстарға жеткені атап өтілген. «Бангладеш халқы Сіздің ілкімді әрі сындарлы көшбасшылығыңызға тәнті. Мен шын ниетіммен екі ел арасындағы қарым-қатынастар өзара тиімділік жағынан алдағы жылдары да нығая береді, ал біздер татулықты, ілгерілеу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтарымыздың бақ-берекесін арттыру үшін бірлесіп жұмыс істейтін боламыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.