Ш.Перес Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет игілігіне арналған көпжылдық қызметі көшбасшылықтың үлгісіне айналғанын атап өтті. «Сіздің өз еліңізге деген адалдығыңыз Қазақстанды территориясы үлкен мемлекеттен мазмұны бай елге айналдырды, – делінген жеделхатта. Израильдің экс-президенті Қазақстан Президентінің еңбегі мен жұмсаған күш-жігерінің нәтижесін халықтың лайықты бағалағанын айтты. Ш.Перес еліміздің татулығы мен өркендеуіне тілектестігін білдірді.