Тамим бен Хамад Әл Тани Катар халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Сізге мықты денсаулық пен табыс тілеп, ал бауырлас Қазақстан халқына өсіп-өркендеуі мен ілгерілеуіне ниеттестігімді білдіру үшін осы мүмкіндікті пайдалануға рұқсат етіңіз. Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты болашақта да нығайта беруге деген шынайы ықыласымды қабыл алыңыз», – делінген жеделхатта.