Дэвид Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға, орнықты дамуға және елді саяси жаңғыртуға бағытталған күш-жігерін құптайды және қолдайды», – делінген жеделхатта.
Ұлыбритания Премьер-Министрі Қазақстанға 2013 жылғы сапарын жылы сезіммен еске алатынын атап өткен.
«Біз Қазақстанмен берік, ашық және даму үстіндегі өзара байланыстарымызды бағалаймыз, сондай-ақ екіжақты күн тәртібінің кең ауқымы бойынша бұдан да бекем қарым-қатынастар орнатуға бейілдіміз», – делінген құттықтауда.