Ф.Вуянович Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Черногория Президенті екі ел қарым-қатынасының аясы біртіндеп кеңейіп, достық байланыстардың нығайып келе жатқанын атап өткен. «Елдеріміз арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық жандана түседі деп үміттенемін, сондай-ақ ортақ іс-қимыл аясын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдайтынымды білдіремін», – делінген құттықтауда. Соңында Ф.Вуянович Қазақстан Президентіне мықты денсаулық және табыс тіледі.