National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімовтен құттықтау жеделхаты келіп түсті

2015 жылғы 27 сәуір

 

Ислам Кәрімов Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

– Өткен сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз халықтың жоғары сенімінің және өзіңіздің көреген басшылығыңызбен жүргізілген, Қазақстан халқының бақуаттылығына, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттыруға бағытталған қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық терең реформаларды қолдауының айшықты айғағы болды, – делінген жеделхатта.   

Өзбекстан Президенті сан ғасырлық дәстүрлі достыққа, тату көршілестікке және өзара құрметке  негізделген жан-жақты даму мен екіжақты қарым-қатынастың нығаюы бұдан әрі де екі ел халқының мүддесіне, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына қызмет ете беретініне сенім білдірген.

– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер және мемлекеттік қызметіңізге жаңа табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тілеймін, – делінген құттықтауда.

Ислам Кәрімов сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен кейінірек телефон арқылы сөйлесу кезінде де құттықтады.

Бұдан бөлек, Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және Өзбекстан Президентінің елімізге 2014 жылғы қарашада келген ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің